Бүгін облыс әкімдігі мен облыстық прокуратураның бастамасымен жарияланған «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» аясында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, психологтармен, әлеуметтік мамандармен кездесу өтті.
Қалалық қоғамдық даму бөлімі басшысы Айдын Қайруллаевтың жетекшілік етуімен өткен кездесуге қалалық прокуратураның бөлім аға прокуроры Қ. Бауыржан, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Т. Ахмет, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Р. Арынғазиева қатысып, есірткі саудасы мен нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар мен міндеттер туралы баяндама жасады.
Өкінішке орай, есірткі заттарын тұтынатын жастар кездесуде. Осыған орай ата-аналардың балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бақылауда ұстау, араласатын ортасын анықтау аса қажет. Сондай-ақ, есірткінің өмірге қауіптілігі, денсаулыққа зияндығы турасында жиі түсіндірме жүргізу маңызды.
Кездесу барысында осы және алдағы міндеттер талқыланды.
Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Бүгінгі күні нашақорлық мәселесі әрқайсымызға әсер етуі мүмкін. Шиеленістің күшеюі, стресстік жағдайлар, белгісіздік, тұрақсыздық өскелең ұрпақта мінез-құлықтың асоциалды нысандарын – нашақорлықты тудырады.
Есірткі – бұл психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін, жүйелі түрде қолдану тәуелділікке әкелетін өсімдік немесе синтетикалық текті химиялық заттар.
Есірткі заттарын қабылдау жеке тұлғаның деградациясына және ағзаның бұзылуына өте белсенді ықпал етеді, және бұл, адамдар арасында өмір сүретін нашақордың жеке өзіне ғана емес жиі басқалар үшін үлкен қауіп көзіне айналатын іс. Көптеген жағдайларда нашақорлықпен ауыратын адам, өкінішке орай, қоғамға қауіпті қатыгездікке ұшырайды.
Нашақорлық көптеген әртүрлі қылмыстардың, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың тікелей себебі болып табылады.
Жалпы нашақорлық ұлттың физикалық және моральдық денсаулығына қауіп төндіреді. Бұған ұрпақтардың генетикалық азғындауы және нашақорлықтың СПИД, гепатит, басқа да ауыр аурулар, гомосексуализм және жезөкшелік проблемаларымен тығыз байланысы кіреді. Мұнда әртүрлі әлеуметтік мәселелердің жиынтығы бар.
Әрбір нашақор артынан бірнеше адамды есірткіге тартуға бейім. Бұл нашақорлықтың «әлеуметтік жұқпалы ауруы».
Есірткіні көп қолдану едәуір қаражатты қажет етеді. Дегенмен қаражаттың болмауынан нашақорлар көп жағдайда өз отбасынан, жақындарынан, достарынан қомақты сома алып жатады, кейіннен тіпті қаражаттың жоқтығынан қылмысқа да баруы жиі кездеседі. Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады.
Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сақтап, сатып, таратушыларға жаза ауыр. Бірақ солай екен деп есірткіден бас тартып жатқандар көп дей алмаймыз.
Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде есірткі заттарын тұтынудың ғана емес, есірткі заттарын тасымалдап, сатып, сақтаудың да соңы жауаптылыққа соқтыратынын үнемі түсіндіріп, ескертіп отыру маңызды.
Денсаулық – зор байлық дегендей өмірің жарқын, болашағын зор болсын десең, еліннің жұлдызы болам десең денсаулығыңды сақтаған жөн.