Облыс әкімінің қолдауымен «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-не (әрі қарай Серіктестік) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы 2022-2023 жылдары жаңадан лизингке 300 дана автобус алынып, қазіргі таңда тиісті бағыттар бойынша қала жұртшылығына сапалы қызмет көрсетуде.

Қалаішілік бағыттарға қатынайтын автобустардың жол жүру ақысы қолма-қол төлем 130 теңге болса, электронды төлем 85 теңге.
Қызылордалықтарға қазіргі таңда электронды түрде төлем жасаудың 8 түрі ұсынылған. Олар: SMS, QR код, ұялы қосымша, көлік және банктік карталарды қолданатын ұялы байланыс операторлары арқылы.
Арнайы Alempay карталары (ересектерге және оқушыларға арналған) арқылы төлем жасау тәсілі де қарастырылған. Картаны «Globus» бизнес орталығында орналасқан кеңсесінен сатып алуға болады.
Alempay электронды төлем жүйесі енгізілгеннен бері жолаушылардың электронды түрде төлем жасауын арттырып, көлеңкелі табыстың алдын алуға септігін тигізді. Жаңашылдық қоғамдық тасымалдауда ыңғайлы және қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, автопарктің кірісін арттырып, жолаушы тасымалдауда мәдениеттілікті қалыптастырып келеді.
ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 20 бабы, 13-тармағына сәйкес, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің теңгеріміндегі барлық автобустарда «Алтын алқа», «Күміс алқа», бірінші, екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, сонымен қатар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге және 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың жол жүру құжатының елу пайызын төлеу жеңілдіктері қарастырылған.
Алайда, аталған санаттарға кірмейтін кейбір жолаушылар бекітілген жол ақысын төлемей, автобустан тегін түсіп кетуі орын алуда, бұл дегеніміз Серіктестіктің күнделікті қаржылық түсіміне кері әсерін тигізіп және Серіктестіктің қосалқы бөлшектерді сатып алуына кері әсер етеді. Сондай-ақ жоспарлау өлшемдерінің бірі – жолаушылар ағынын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді. Төлемнен жал¬тару арқылы мұндай жолаушылар бірінші кезекте өздеріне ғана емес, басқа да өзі сияқты жолаушыларға зиян келтіреді. Бірақ барлық жолаушы жолақыны төлеуден жалтарады деуге болмайды. Тегін жүру деген болмайтынын да жақсы түсінетін жұрт бар.
Осы ретте, аталған жағдайлардың алдын алу үшін арнайы Alempay карталарын қолдану аса маңызды.

БӨЛІСУ