Уран және мұнай – газ объектілеріндегі терроризмге қарсы қорғалу мәселесі пысықталды.

Мұнай – газ және уран өндіру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық жұмылдыру басқармасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті және облыстық полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен осы саладағы кәсіпорындардың басшыларымен, жауапты мамандармен және объектілерді күзететін күзет мекемелері басшыларымен кезедесу өткізілді.
Кездесу барысында мұнай – газ және уран өндіру объектілерінде терроризмге қарсы қорғалу талаптарын сақтау, объектілерді күзету мен оларды инженерлік-техникалық жарақтандыру мәселесі пысықталып, түрлі сипаттағы террористік қауіп-қатер төнген жағдайда әрекет ету шарттары түсіндірілді.
Кездесу қорытындысымен кәсіпорын өкілдерімен түрлі сұрақтар қойылып, оған жауапты департаменттердің өкілдері тарапынан жауаптар берілді және терроризм қаупін алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік бейнеролик көрсетілді.

БӨЛІСУ