Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану кафедрасының 4 курс студенттері Қызылорда облыстық прокуратурасында болып, мекеме жұмысымен танысты.

Студенттер алдымен мұражайды тамашалап, құзырлы органның қызмет барысын көрді.

Мұнан соң түлектер мәжіліс залында облыс прокуроры Ризабек Ожаровпен кездесті. Өз кезегінде Ризабек Кәрімұлы қадағалаушы органның жұмыс бағытына тоқталып, жастармен кездесуге кез-келген уақытта әзір екендігін жеткізді.

Жиында прокуратура саласына жұмысқа орналасудың реттіліктері туралы айтылды. Еркін форматта өткен кездесуде студенттер облыс прокурорына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып тұщымды жауаптарын алды.

БӨЛІСУ