«Жасыл Қызылорда» КММ-нің негізгі бағыттары қаламызды көгалдандыру мақсатында каналдар мен арық жүйелерін тазалау, жер асты ұңғыма арқылы және насостар арқылы аяқ су беру, сквер аллеялар мен орталық көшелердегі гүлзарларға гүл егу, көгалды күтіп ұстау, қураған ағаштарды кесу және балақтау жұмыстарыболып табылады. Осы аталған жұмыстар ағымдағы жылдың басынан бастап жүргізілуде.
Қызылорда қаласы аумағына 2024 жылдың көктем айларында 8000 көшет отырғызу жоспарланған болатын. Бұл меже артығымен орындалды, яғни 11 000 нана аса ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде ауа райына қолайлы, құрғақ, ыстық, шөлге төзімді сыр талы, терек, қарағаш және сәндік (Катальпа, айлант, ясин) ағаш көшеттері аяқ су тұрақты беріліп тұрған С.Бейбарыс, Қорқыт ата, Сағымбаев және қаламыздың орталық көшелеріне отырғызылды.
Қаламызда орналасқан Жібек жолы, Сарқырама, Табиғат және қалалық каналдары ағымдағы жылдың наурыз айында толық тазаланды қалаішілік арық жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы қалаға Сырдария өзені және каналдар арқылы арнайы 19 жерден насос қондырғыларымен аяқ су берілуде.
Қазіргі таңда «Жібек жолы» каналы бойындағы, «Сыр ана» монументі жанындағы, Тәуелсіздік көшесі бойындағы және Тұңғыш Президент атындағы саябақта орналасқан су сорғыш (насос) қондырғылары арқылы қалаға аяқ су тұрақты берілуде.
Атап айтқанда, «Жібек жолы» каналы бойында орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы Назарбаев, Астана даңғылы және Сырдария мөлтек ауданы, шамамен 6 шақырым болатындай каналдар мен арық жүйелері аяқ сумен қамтылды.
«Сыр ана» монументі жанындағы су сорғыш қондырғысы арқылы С.Бейбарыс көшесі және «Береке» саяжайы шамамен 1,5 шақырымды құрайтын каналдар мен арық жүйелері арқылы аяқ сумен қамтылды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы қаламыздың ең ірі ішкі каналдардың бірі Сарқырама және орталық көшелерде орналасқан арық жүйелерін және Тұңғыш Президент атындағы саябақта орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы аталған саябақты да толық аяқ сумен қамтылуда.
«Жасыл Қызылорда» КММ тарапынан қаладағы көше бойларын, саябақтар мен скверлерді гүлмен көмкеру жұмыстары жүргізілді.Шаһар аумағын көгалдандырып, көріктендіру үшін640500 дана роза, кан, катарантус, циннии,петуния, тагетис, бархатцы, цинерария,пеларгония гүлдері қаладағы Тұңғыш Президент атындағы саябаққа, Сыр ана монументіне ,Облыстық әкімшілік ғимараты алдына,Ж.Бахадүр ескерткішінің жанына, Назарбаев даңғылы бойына, Қуғын сүргін құрбандарына арналған монумент аумағына, қалалық әкімшілік ғимараты жанына, Қаламгерлер аллеясына, Б.Шөкенов атындағы саябаққа, Тағзым алаңына,Жаңқожа батыр ескерткішінің аумағына егілді.