Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға жалпы білім беру ұйымдарының асханаларын жалға алушы кәсіпкерлерге және олардың қызыметкерлеріне «Білім алушылар арасында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарда “Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидалар «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесі», “Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу” қағидалары, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және олардың таңбалануы, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап «Жеке медициналық кітапша» берудің цифрлық форматына көшу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұрақ-жауап, пікірталас, өзекті мәселелерді талқыланып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
2024-11-11