2024 жылдың 9-қарашасында қаламызда мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан облыс әкімінің 1-ашық кубогы өтті. Жарыс Жастар орталығының ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорда облыстық Шахмат Федерациясының ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.

Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов қатысып, ой жарысынан үздік атанған жеңімпаздарды құттықтап, арнайы дипломдарымен табыстады.

Ойынға облыс бойынша берілген барлық мемлекеттік мекемелердің 37 басқармасынан 35 қызметкер қатысуға ниет білдіріп, арнайы үстелдерде бақтарын сынады. Ал қорытынды бойынша, Қызылорда облысы әкімінің I-ші ашық кубогының шахматтан «Блиц» түрі сайысында:

І-ші орын – Әкім Зат;
ІІ-ші орын – Бижан Қалдыбеков;
ІІІ-ші орын – Мейірбек Нұралы

Басқармалар бойынша:
1 орын – Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті;
2 орын – Қызылорда облыстық Ветеринариялық инспекциясы;
3 орын – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы иеленді.

Турнир Қазақстан өңірлерінде атаулы ойынды насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын сақтау арқылы шахматты мемлекеттік қызметкерлер арасында дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын ұстану мен қызметкерлер арасында үздік ойыншыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс белсенділіктері мен спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында департамент тарапынан түрлі шаралар өткізуі жоспарлануда.

БӨЛІСУ