Аймағымызда Германия елінен медицина ғылымдарының докторы, балалар невропатологы, эпилептолог маман Герлинда Зельцер, SES эксперт бағдарламасы бойынша іс сапарда болып, емханаға тіркелген балаларды қарауда дәрігерлерге нұсқаулық, тәжирибе алмасу дәрістерін өткіздi. Одан соң өзара әріптестік негізінде Талсуат балаларды оңалту орталығындағы емдеушi дәрігерлерге дәріс оқып, қалалық орталық емханасының невропатолог дәрігерi Даутбаева Жанар Рысбекқызымен бірге қабылдау жүргізіп, одан бөлек Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң соңғы курс студенттері мен тәлімгерлерiне дәріс оқып тәжірибе алмасты.
Жұмыс сапары одан әрі Жаңақорған ауданындағы “Қамқорлық” оңалту орталығында жалғасты. Орталықта балалардың психикалық дамуындағы кедергілер мен тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстар бойынша орталық дәрігерлеріне және ата-аналарға жүйелі түрде көрсетілетін қызмет бойынша сапалы кеңес беруге берiп, емделуші балаларды көрген шетел маманы орталықтағы емделушілердiң оңалуына барлық жағдайдың жасалғандығы жайында жасырмай айтты.
Өз кезегінде аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы шетел маманын арнайы қабылдап, алғысын бiлдiрдi. Сонымен қатар балалар денсаулығына қатысты күрделі сұрақтар мен мәселелердi талқылады.
Олжас Ермекұлы өз кезегінде ана мен балалар денсаулығы Мемлекет басшымыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің жіті қадағалауында және басты назарында екенін жеткізе отырып, өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Соның бірі жуырда Жаңақорған ауданында ашылған жаңа “Qamqorlyk” балалар оңалту орталығын атап өттi.
Кездесуде шетел дәрігеріде өз таңданысын жасырмады, ол өз сөзінде өңірдегі кездескен барлық дәрігерлердiң бiлiктiлiгi, яғни Еуропа мамандарымен тең дәрежеде екенін айтқан Герлинда Зельцер облыстың денсаулық сақтау саласының басшылығына ризашылығын білдірді.