Қазақстанда дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесі енгізілген сәттен бастап төрт айдың ішінде таңбалау кодтары препараттардың 66,2 млн. қаптамасына жазылды.
Оның ішінде 39,3 млн. қаптама импорттық препараттардың үлесіне тиесілі, 29,4 млн.қаптама – отандық өндіріс, қазір айналымда 28,5 млн. дәрілік қаптама бар.
Таңбалау дәрі-дәрмек нарығының толық ашықтығын қамтамасыз етуге және өндіріс кезеңінен бастап соңғы тұтынушыға дейін препараттың әрбір қаптамасының толық өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл көлеңкелі нарық үлесін азайтуға, жалған өнімнің айналымын қоспағанда, қауіпсіздік пен сапа кепілдігімен пациентке бағдарланған дәрілік қамтамасыз ету жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, таңбалау жүйесі дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға әсер етіп, бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге әкелуі керек.
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық ақпараттық жүйелерді (МАЖ) оңтайландыруды жүргізуде, нәтижесінде ақпараттық жүйелердегі медициналық персоналдың жұмыс уақыты екі есеге жуық қысқарады.
Бүгінгі күні медицина қызметкері әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін екі түрлі жүйенің арасында ауысуға мәжбүр, бұл қосымша уақытты және үнемі назар аударуды қажет етеді. Бұл қайталану мен қателіктер қаупін арттырады, сонымен қатар сәйкестікті тексеру үшін қосымша күш жұмсауды қажет етеді.
Интеграциялық процестер аяқталғаннан кейін маман барлық қажетті ақпарат қолжетімді болатын бір жүйемен жұмыс істейді, бұл деректерге қол жеткізуді жеңілдетеді, шешім қабылдау жылдамдығын арттырады және пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартады.
Оңтайландыру МАЖ-дағы жұмыс уақытын 50%-ға қысқартады деп күтілуде, бұл медицина қызметкеріне пациентке көбірек уақыт бөлуге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.