Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Ержан Қайнарбаевтың төрағалығымен өрт сөндіру бекеттерінің жай-күйі туралы мәжіліс отырысы өтті. Мәжіліске Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі, кент, ауылдық округ әкімдері, Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және т.б. мекеме басшылары қатысты. Мәжіліс отырысында Жалағаш ауданы аумағында орналасқан өрт бекеттерінің жұмысы мен өртке қарсы ерікті өрт жасақтардың құрылымы мен құрал – саймандармен жабдықталуы туралы, анықталған кемшіліктерді жою және қалыпқа келтірілу тапсырылды. Сондай-ақ, Аламесек пен Мәдениет ауылындағы өрт сөндіру автокөліктерін жарамды жағдайға келтіру, Бұқарбай батыр, Қаракеткен, Аламесек ауылындағы өрт сөндірілетін әмбебап тіркемелерін жарамды жағдайға келтіру, ауыл әкімдері өкімімен құрылған ерікті өрт сөндіру жасақшыларын тиісті құрал-жабдықтармен, арнайы өртке қарсы киімдерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, ауылдық округтерде құрылған ерікті өрт жасақтарын қоғамдық бірлестік ретінде әділет басқармасына тіркеуден өткізу тапсырылды.