2024 жылғы 7 қараша күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясы өтті.

Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібіне: ««2024-2026 жылдарға арналған Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі шығарылып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, сауалдарға жауап берді.

Бюджет жобасына сәйкес кейбір ауылдық әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, ойын алаңдарын салу, көше атауы жазылған тақтайшаларын әзірлеу, аялдамалар салу, күрделі жол жөндеу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу және сараптама қорытындысын алу және басқа да бағыттарға қаражат қаралды.

Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары Д. Тұрсынбаев, тиісті қалалық дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Сессия қарауына шығарылған мәселе жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия барысы «Youtube» платформасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

БӨЛІСУ