Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі М.Н. Отарбаевтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша діни қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ш. Байманов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Д. Ермеков, ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Д. Құрманбаев, Қызылорда қаласы мен аудандардың бас имамдары қатысты.
Жиында Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіріп, дін қызметкерлерін әрі қарай мешіттер арқылы негізгі ұстанымдарды халыққа таратуда белсене еңбек етуге шақырды.
Өз кезегінде, имамдар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Айта кету керек, биыл маусым айында осындай форматтағы келелі кездесулер Жаңақорған, Шиелі аудандарында да өткізілген болатын.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Ш. Байманов өкілдік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастыратынын атап өтті.

БӨЛІСУ