Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі. Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір жылғы Жолдауында білім мен ғылым саласына ерекше назар аударып, саланы дамытуға байланысты нақты тапсырмалар беріп келеді.

Осыған сәйкес, бүгін облыс орталығындағы Абай мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы, басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы, аймақтағы білім саласы қызметкерлері қатысты.

Жиында Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіріп, аймақ ұстаздарын негізгі ұстанымдарды халыққа таратуда белсене еңбек етуге шақырды.

Кездесу барысында басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы білім саласындағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы өкілдік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастыратынын атап өтті.

БӨЛІСУ