Бүгін партияның облыстық филиалы төрағасы Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Онда аймақтық және аумақтық партия филиалдарымен ағымдағы жылы 9 ай ішінде атқарылған жұмыстар cараланып, алдағы міндеттер пысықталды.
Аппарат жиынына ZOOM платформасы арқылы аумақтық партия филиалдарының Атқарушы хатшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Жиын барысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, азаматтар өтініштерін қанағаттандыру, ақпараттық – идеялогиялық, есеп – қисап, фракция мен партия жанындағы кеңестер жұмыстары яғни, әрбір жұмыс бағыты бойынша партияның облыстық филиалының бөлім басшылары хабарлама жасады. Олар жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстарын білдіріп, қажетті ақпараттармен бөлісті.
Жиынды қортындылаған филиал төрағасы Алмасбек Есмаханов жалпы биылғы жыл «AMANAT» партиясы үшін табысты басталып, нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соның ішінде партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы аясында халыққа берген уәделердің орындалуын, азаматтардың ұсыныстары мен өтініш – тілектерінің оң шешілуіне тоқталып, халықтық әл ауқатын арттыру бағытталған жұмыстар бәсеңдемеуге тиістігін жеткізді. Сондай-ақ, әрбір бағыт бойынша хабарламаларда айтылған ұсыныстар хаттамаланып, жұмыс барысында ескерілу керектігін назарға салды.
Атап өту керек, ағымдағы жылдың 9 айында Сайлауалды бағдарлама аясында 2 елді мекен таза ауыз суға қосылды. Сонымен бірге, Бестам, Алмалы, Ақтоған, Төменарық, Ақсу елді мекендері мен Төретам кентіне табиғи газ беріліп, 24 мыңға жуық халық көгілдір отын игілігін көруде.
VI-санатты жылына 5000-10000 донацияға арналған облыстық қан орталығы іске қосылса, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Қызылорда қаласының сол жағалауынан 900 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 4 880 арыз-өтініш түскен болса, оның 3 531 оң шешімін тауып, жалпы түскен өтініштердің 72,3% құрады. Өткен жылғы 9 айдың қорытындысымен салыстырсақ, партияға сенім білдіріп келген азаматтар өтініштерінің үлесі ағымдағы жылғы 2 есеге артып отыр.
Есепті мерзімде облыста 38 ауыл әкімдері сайлауы өтіп, оған «AMANAT» партиясынан ұсынылған 37 кандидат әкім болып сайланды.