Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, жастарды мемлекеттік қызметке тарту және облыстық кадр резервін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен 2020 жылы меморандумға отырған болатын.

Соның нәтижесінде, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арасында департамент қолдауымен “Мемлекеттік қызмет мектебінің” атауына және эмблемасына конкурс жариялау арқылы «Абырой» мемлекеттік қызмет мектебі құрылды. Осыған орай, атаулы университеттің бас ғимаратынан жаңадан аудитория ашылып, білім алушы студенттердің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының оқу жоспарына «Адами ресурстарды басқару» пәні енгізілді.
Нәтижесінде, мектептің 20 бітіруші түлегі мемлекеттік органдардан тағылымдамадан өтіп, оның 9-ы Жастар практикасы бойынша жұмысқа қабылданды.
Ал бүгін департаменттің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметке қызығушы студенттерге «ZOOM» платформасында арнайы кездесу өткізілді. Жиында алдағы айда өткізілетін дәріс бағдарламасы түсіндіріліп, келесі жылы тәжірибе жинақтау мақсатында белгіленген мемлекеттік органдардың тізімі нақтыланды.
Болашақ мемлекеттік қызметке талаптанған студенттердің маңызды қадамына сәттіліктер тілейміз.

БӨЛІСУ