Қызылорда облысына 2024 жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығында «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті қоныс аударуы» жобасы аясында Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан келген әріптестеріміз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Бекітілген кестеге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы өкілдері Арал, Қазалы аудандары, Павлодар облысы өкілдері Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бүгін Арал қаласының орталық базарында бос жұмыс орындары мен балық аулау бағыты бойынша кәсіп ашу мүмкіндіктері және қоныс аударған азаматтарға ұсынылатын мемлекеттік қолдауларға қатысты жан-жақты түсіндірме берілді.
Жосалы кентінде Павлодар облысының өкілдері «Жыраулар үйінде» тұрғындармен және Қармақшы ауданының аграрлық-техникалық колледжінің бітіруші түлектерімен кездесіп, Павлодар облысынындағы бос жұмыс орындары мен қоныс аударған отбасыларға ұсынылатын материалдық көмектер мен тұрғын үйлер туралы түсіндірді.