Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде “Қоғамдық келісім” мекемесінің ұйымдастыруымен кездесу өтті. Оған колледж оқытушылары және студенттер қатысты.

Кездесуде облыстық ҚХА жанындағы аұпараттық- түсіндіру тобының мүшелері Жақсыбай Жакеев, Бауыржан Үсенбаев, Мұхтар Ибраев сөз сөйлеп,
қатысушылардың назарына вандализм , нашақорлық және лудомания туралы танымдық бейнеролик ұсынды.
Қазіргі кезде түрлі пирамиданың, жарнама сайттардың көбеюі салдарынан жәбірленушілердің де қатары артуда. Азаматтардың құқықтық мәртебесін қорғап, алаяқтық қылмыстардың алдын алу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Спикерлердің айтуынша құмар ойындарды ойнауға қаржылық сауаттылықтың болмауының әсері бар. Алайда, құмар ойынға беріліп, тәуелді болатындардың психологиялық себептері барын да айтып өтті.
Кездесу барысында топ мүшелеріне студенттер тарапынан сұрақ қойылды. Алаяқтыққа кезіккен жағдайда одан шығу жолдары мен бағыт-бағдарлары айтылды.
Сондай-ақ, аталмыш оқу орнының студенттеріне вандализм, нашақорлық, қауіпті ойындардан сақтану мен олардың зияндығы туралы ақпараттық бүктемелер таратылды.

БӨЛІСУ