Кеше «AMANAT» партиясының бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен ауыл әкімдерінің форумында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін бірқатар сала басшылары, мамандары Президенттің Алғыс хатымен марапатталды.

Солардың ішінде бірқатар азаматтық қоғам өкілдері мен әріптестеріміз марапат төрінен көрінді.
Атап айтқанда, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ибраев Уалихан Серікұлы, басқарманың КХА хатшылығы – этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Сисенбиев Ерлан Мырзалыұлы, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-ның төрағасы Ізден Анар Жарылқасынқызы, облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры директоры Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы, «Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалының төрағасы Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» облыстық филиалының төрағасы Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы, профессор Әбдікәрімов Бақытхан Жүнайдұлы бар.
Сонымен қатар, БАҚ саласында тынбай еңбек етіп жүрген әріптестеріміз облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Ажарбаева Ботагоз Мирамбековна, «Казинформ» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Үмбет Әділжан Тұрсынбекұлы, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы, «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының шеф редакторы Есқалиев Бекзат Нұрғалиұлы Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

БӨЛІСУ