Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірімізде, оның ішінде ауданымыздың барлық аумағында абаттандыру жалпы тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Игі істен шет қалмай, партиялықтар да бұл жұмыстарға белсенді атсалысуда.

Бүгін «Таза бейсенбі» акциясы және «Tazalike» партиялық жобасы аясында Арал қаласының Вокзал жанындағы аллея аумағында аудандық мәслихат депутаттары, партияның аудандық филиалының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдардың белсенді мүшелері және жастардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне басымдық берген аманаттықтар аталған аумақтағы ретсіз қоқыстарды жинап, ағаштар түбін ақтады.

«Тұрған жеріміздің тазалығына, келбетінің көркеюіне атсалысу – әрбір тұрғынның міндеті.Тазалық ұғымы қоқыстарды жинаған жерде емес, шашпаған жерде қалыптасады. Сондықтан әр адам керексіз затты тастар алдында ойлану керек. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбірімізге сын. Сондықтан барлық аудан тұрғындарын тазалықты сақтаға шақырамын»,- деді партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Қанатов.

Жүргізілген тазалық жұмыстары барысында жиылған қоқыстар жүк көліне тиеліп, қоқыс орнына жөнелтілді.

БӨЛІСУ