Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті.
Отырысқа қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық білім бөлімінің басшысы, «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы бойынша филиалы жетекшісі, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, Тасбөгет кентінің әкімі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Қызылорда облысы филиалы директорының орынбасары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне «Балабақшаларда сапалы тәрбие беру мәселелері туралы», «Қала көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасы туралы», «Халықтың осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы», «Тұрғындарға жер беру және кезектілік туралы», «Қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылдың ІІІ-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы, «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылдың ІІІ-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы, «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №85-11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері шығарылды.
Аталған мәселелер бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Садвакасова, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Әбсұлтанов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Рысбек, қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Әжібеков, Тасбөгет кентінің әкімі А.Тыныштықбай, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Отырыс барысында, кеңес мүшелері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орналасқан бейнебақылау камера жүйелерін бір реттілікке келтіру, мемлекеттік және жеке балабақшадағы қауіпсіздікті нығайту, балабақшаларда тәрбиеші санының жеткілікті болуы, мемлекеттік және жеке балабақшалардағы санитарлық паспорттың алынуын қадағалау, көше бойындағы бітелген арықтарды тазалау, биылғы жарықтандырылған көшелерді толығымен іске қосу, халық демалатын орындардағы кешкі жарықтандыру шамдарының (сымдардың ашық жатпауы т.б), халықтың осал топтарына тұрғын үй берілу жеңілдіктерін кеңінен насихаттау, жеке үйлерге жер берілу барысында үй астында газ, су жүйелерінің болмауын және заңды қорытындыға сай болуын қадағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсету мәселелерін ұсынды.
Отырысқа қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Дүйсенбаев төрағалық етті.
2024-11-04