А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналиновтың қатысуымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мәдениет үйінің фойесіне арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының
қызмет алушыларының қолымен салынған фотогалерея және жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант алған азаматтардың ашқан кәсіптерінің бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Салтанатты шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналинов ашып, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, сала қызметкерлерін марапаттады.

Еңбек ардагері медалімен сала ардагері С. Махамбетов, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен сала ардагері Ж. Жәкенов марапатталды.

Сонымен қатар әлеуметтік қорғау саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, Облыс әкімінің Алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Құрмет грамотасы, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Әлеуметтік саланың үздігі» медалі, «Өз ісінің маманы» медалі, «Елеулі еңбегі үшін» медалі табысталды. Мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы номинацияларға ие болды.

БӨЛІСУ