Достық үйінде 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік салтанатты шара өтті.

«ЖАСА, ЖАЙНА, РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ!» деп аталған бұл шара тәуелсіздігіміздің қадірін арттыруға, ұстаздар қауымы мен Қазақстанның болашағы саналатын жастарды рухтандыруға арналған керемет кеш болды.

Мерекелік шарада басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы барша қатысушыларды Республика күнімен құттықтады және ел болашағы үшін білім алу, еңбек етудің маңызы мен қажеттілігін атап өтіп, ұстаздар қауымының ел дамуына қосар үлестеріне сенім білдірді.

Мерекелік кеште Сыр өңірінің үздік педагогтары «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Ұстазы» мемлекеттік наградасымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен, Облыс әкімінің «Алғыс хатымен», Қызылорда облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының арасында 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге сәйкес білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолындағы баға жетпес ұстаздық еңбегі үшін 51 ұстазға «Біркөлік» шипажайына жолдама табысталды.

Мереке аясында Сыр өңірінің өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, халықтың бірлігін, елдің тәуелсіздігін асқақтатқан туындыларын орындады. Концерттің әрбір шығарылымы жүректен жүрекке жетіп, елге деген шынайы сүйіспеншілікті көрсетіп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Еліміздің мерейлі мерекесі – Республика күні баршамызға құтты болсын!

Жаңа Қазақстанның жасампаз жастарымен еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін!Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбітшілігіміз баянды болсын!

БӨЛІСУ