«МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ ТАРИХЫ» облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия.
25 қазан Республика күні – тәуелсіздік пен елдің болашағы үшін күрескен ата-бабаларымыздың мұрасын еске алудың, еліміздің бірлігі мен татулығын насихаттаудың символы.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 25 қазан Республика күнін мерекелеу жөніндегі «Қыран елім-Қазақстаным!» атты рухани-танымдық апталық жоспарына сәйкес «Менің елімнің тарихы» тақырыбымен «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-ның оқытушылары студенттерге облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.
«Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушылары Ш.У.Керейбаева «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлім білім алушыларын, Н.Т. Бегалиева «Мектепке дейінгі бөлім», Л.Қ.Ахметова «Бастауыш білім беру» бөлімін, Ф.Ж.Алтаева «Шетел тілі» бөлімін, С.Мұқат «Филология» бөлімінің студенттеріне жетекшілік етіп, музей мұраларымен таныстырды.
Қызылорда облыстық музейі – Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын сақтаушы, зерттеуші және насихаттаушы маңызды мекемелердің бірі. 1971 жылы ашылған музей, бүгінгі таңда облыстың тарихы, мәдениеті, өнері мен этнографиясын көрсететін бірнеше залдан тұрады.
Қызылорда облыстық музейі – қаланың мәдени өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Мұнда келген әрбір адам тарихтың тереңіне сүңгіп, қазақ халқының бай мұрасымен танысуға мүмкіндік алады.

БӨЛІСУ