Бүгін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес, «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» акциясы қорытындыланды.

Отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы білім алушыларды еңбексүйгіштікке баулуға, кәсіби біліктілік құндылығын қалыптастыруға, көшбасшылыққа тәрбиелеуге негізделген шараға облыс аумағында орналасқан мектептерден 723 білім алушы мен 597 ата-ана қатысып, онлайн форматында өткен сайыстың үздіктері анықталды.

​Қорытынды шараға арнайы барған облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы Есжанов өз сөзінде «Өскелең ұрпаққа Ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу – ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы, осындай акциялар арқылы жас ұрпақтың өзіндік көзқарастары, өз уақытын тиімді жоспарлай білу құндылықтары қалыптасып, отбасы мүшелерімен қарым-қатынастары нығая түседі. Кез – келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу қажеттілігін ұғынады»,- деді.

Үздік бейнематериалдар авторлары (оқушылар) мен ата-аналар облыстық білім басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңы жас бүлдіршіндердің сазды әуеніне және шабытты биіне жалғасты.

​Айта кету керек, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жас жеткіншектерді жан-жақты дамытуға бағытталған түрлі акциялар жоспарға енгізілген.

БӨЛІСУ