«AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ниязов Мұхтар Мәуленұлы қоғамдық қабылдау өткізді.

Тұрғындар қабылдау барысында тұрақты жұмыспен қамту, қаланың шет аймақтарының жолын жөндеу, жол белгілерін орнату және өзге де тақырыптар бойынша өтініш-тілектерін білдірді.
М. Ниязов аталған мәселелерді жан-жақты зерттеп, құзырлы мекемелерге депутаттық сауал жолдап, ұсыныстарын жеткізетінін және жүзеге асыру барысы қатаң бақылауында болатынын жеткізді.
Қаланың шет аймақтарын дамыту жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатқаны түсіндірілді. Сабалақ саяжайына газ тартылып біткеннен кейін жол салу жұмыстары кезектілігімен жүзеге асырылады. Саяжайға жол төсеу жұмыстары партия филиалының бақылауында болатыны айтылды.
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша осы бағыттағы партиялық жобалар таныстырылып, еңбек нарығында бос жұмыс орындары анықталса қосымша хабар берілетіні айтылды. Жаяу жүргіншілер жол белгесін орнату бойынша тиісті ұсыныстар жолданып, өтініш иесіне қосымша хабар берілетіні айтылды.

БӨЛІСУ