Ботаникалыққа баққа алма ағашының үш түрлі сорты отырғызылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ботаникалық бақты көгалдандырып, жеміс ағаштарын жерсіндіру мақсатында үшжақты келісім жасалды.
Жиында Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және IT жөніндегі проректоры Махмұт Томанов, «Кондрат тәжірбие көрсететін орман питомингі» ЖШС Басқарма Төрағасы Аманжол Кебекбаев және «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің «Сарыағаш» аймақтық филиалының директоры Құттымұрат Ағаев  арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағында 2 мыңнан аса сәндік және жеміс ағаштары бар.

«Бүгін біз серіктестер тарапынан сынақ жүргізу мақсатында әр түрлі жеміс ағаштарын отырғыздық. Соның ішінде алма ағашының үш түрлі сорты әкелінді. Егер ағаштар жергілікті жерге бейімделсе, келесі көктемде жеміс береді», – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығының директоры Самалбек Қосанов.
Алдағы уақытта жеміс ағаштары жақсы нәтиже көрсетсе, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің «Сарыағаш» аймақтық филиалы тарапынан көктемде 100-ге жуық көшет отырғызу жоспарланды.

БӨЛІСУ