16 қазанда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында салалық «Өнеркәсіп», «Құрылыс», «Сауда, қызмет көрсету және туризм», «АӨК» және «Білім және әлеуметтік кәсіпкерлік» кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

Бірлескен кеңеске салалық кеңес төрағалары мен мүшелері, кәсіпкерлер, мемлекеттік, квазимемлекеттік мекеме өкілдері және кредиттік ұйымдар қатысты.

Отырысты Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық жүргізді.

Жиында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан жекеменшік мектептер мен жатақханалар құрылысына алынған кредиттерді субсидиялау, қосымша салық жүктемесі, айлық есептік көрсеткішті ұлғайту, қосылған құн салығы, өңдеуші өнеркәсіп субъектілеріне кредит беру бойынша жылдық 2 (екі) пайыздан аспайтын деңгейде сыйақы мөлшерлемесін белгілеу, пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын рентабельділігі төмен санатқа жатқызу критерийлерін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу, құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулардағы қазынашылық сүйемелдеу жүйесін қысқарту мәселелері көтерілді.

Мәселелер алдағы уақытта облыс әкімінің орынбасарымен өтетін Жұмысшы топта және 7-қараша күні Астана қаласында өтетін Атамекен ҰКП ХІІ съезінде көтерілетін болады.

БӨЛІСУ