Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлері Тілеубек Бабасов және Насырбек Мырзабековпен бірге Шиелі ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті.

«Қарты бар ел – қазыналы ел» деген даналық сөз бар. Қариясын қадірлеп, үлкенін үлгі тұтқан елдің ұрпағы ретінде біз алдыңғы буын ардагерлерімізге зор құрметпен қараймыз. Ердің атын қашан да еңбегі шығарары сөзсіз.

Кездесулерде Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», ардагер құрылысшы Кемелов Омархан, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», білім саласында қажырлы қызмет атқарған ардагер Өмірзақ Исаханов, қажы, ардагер Үмбетов Мұхаммедкәрім, Денсаулық саласының ардагері Мәдиев Кентай, ардагер ұстаз Дүйсеманов Қали және қажы апамыз Мүкәрам Әбілдақызының шаңырақтарына арнайы барып, сәлем берді.

Бейбіт күннің жетістігі ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың адал еңбегінің арқасы екенін жеткізген аудан әкіміне аудан ардагерлері көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

БӨЛІСУ