25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған «AMANAT» партиясының кубогіне арналған «AMANAT CUP» XХIІ Республикалық пікірсайыс турнирі аяқталды.

«Жастар Рухы» мен Ұлттық пікірсайыс федерациясы ұйымдастырып жатқан турнирдің финалдық ойындарына ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Самат Нұртаза, Болат Керімбек, Максим Рожин, журналист, «Уəде» тележобасының авторы Ерболат Мұхамеджан, Қызылорда облысы əкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жəне «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова, сондай-ақ жергілікті мəслихат депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты.

Екі күндік ойын нəтижесі бойынша қазақ лигасында «AMANAT CUP» кубогы мен 600 000 теңгені Алматы қаласының «Ақеспе» фракциясы (Әлімбаев Мұхаммедәлі, Есенов Темірлан), 400 000 теңгемен ІІ орынды Алматы қаласы мен Ақтөбе облысынан құралған «Қорқыт ата» фракциясы (Жәкен Нұрхан, Жәкен Нұркен), ал Алматы облысынан «Райым» фракциясы (Бейсенәлі Құбыла, Жақсылық Ботагөз) жүлделі ІІІ орын мен 200 000 теңгені қанжығаларына байлады.

Сонымен қатар орыс лигасында кубок пен 600 000 теңгені Павлодар облысының «Қосжар» фракциясы (Жақсылык Бекхан, Итегулов Ақылжан), астаналық «Құмбазар» (Ролан Мұхитжан, Құнанбай Бердалы) 400 000 теңгемен ІІ орынды, ал жүлделі ІІІ орын мен 200 000 теңгені Қызылорда облысының «Амангелді» фракциясы (Бекжан Айзере, Төлебай Ердаулет) қанжығаларына байлады.
Ал Темірлан Есенов (қазақ лигасы), Жақсылык Бекхан (орыс лигасы) «Үздік спикер» номинациясын, «Үздік төреші» атағын қазақ лигасынан Архат Сарсенбаев пен орыс лигасынан Айжан Орынбасар иеленді.
Турнир үшінші жыл қатарынан «Жастар Рухы» серіктесі Ислам ынтымақтастығы ұйымы Жастар форумының Еуразиялық өңірлік орталығының қолдауымен өтуде.

БӨЛІСУ