ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, талдау және мониторинг негізінде қызметті берушілермен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде орын алуы мүмкін бұзушылықтарды алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірлейді.
Талдау шеңберінде келесі бағыттар бойынша бағалау жүргізіледі: Мемлекеттік қызмет көрсету процесін құқықтық реттеу; Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктер; Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру.
Осы ретте, Агенттікпен әзірленген әдістемелік ұсынымдардың негізінде Департаментпен әр тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жақсарту жөніндегі ұсыныстардың тізілімдері қалыптастырылып, оларды кейіннен іске асыру үшін Агенттікке жіберіледі.
Мәселен, Департаментпен ІІМ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне жүргізілген талдаудың нәтижесінде қалыптастырылған ұсыныстар Агенттікке жолданып, ІІМ-мен қолдау тапқан сәтті кейске тоқталып өтсек.
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін және алғаш рет жүргізуші куәліктерін беру «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығына сәйкес орындалады.
Алайда, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәлігін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет емес, мемлекеттік органның функциясы екені Департаментпен жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған болатын.
Бұл өз кезегінде азаматтарға жүргізуші куәлігін беруден негізсіз бас тартуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Осы ретте, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәлігін берудің нақты ережелерін бекіту, бұл функцияны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу жөніндегі ұсыныс Агенттікке жолданып, «Жүргізуші куәліктерін алғаш рет беру және көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырғаннан кейін» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне мемлекеттік қызметтің кіші түрі енгізілгенін айрықша атап өтсек болады.
Департаментпен жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ