Бүгін аудан орталығында халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдығына орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауыл өнімдерінің жәрмеңкесін аудан әкімі Мейрамбек Шермаганбет пен мерейтойға арнайы келген қонақтар да бірге аралады.
Алтын күздің тоқшылық мерекесіне кент және ауылдық округтерден барлығы 45 көлікке тиелген 10 тонна күріш, 1 тонна ет пен 2 тонна сүт өнімдері, 3 тонна балық, 60 тонна картоп және көкөніс өнімдері, 40 тонна бақша өнімдері, 1 тонна «Қазалы» кәмпиті сонымен қатар қой, тоқты әкелінді.
Жәрмеңке барысында мерейтойға келген қонақтар тарапынан әсіресе Қазалының кәмпиті мен балық өнімдеріне сұраныс жоғары болды.
Ауданның дихандары мен тауарөнідірушілері жеміс-жидек, көкөніс дақылдары және азық-түлік тауарлары, ет және балық өнімдерін аудан тұрғындарына нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынды. Мерейтой аясындағы ұйымдастырылған бұл жәрмеңке – аудан тұрғындары үшін үлкен сый болды.