Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады.

Бүгін ауданымызға Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев және Педагог-профориентолог Айдос Жұманазар келіп биылғы бітіруші түлектермен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өткізді. Сондай-ақ ҰБТ туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түлектерге тың ақпараттар ұсынды. Олар талапкерлердің ЖОО-на оңтайлы әдіспен құжат тапсыруы, мамандық таңдау, грант бөлінісі мен оған түсу ықтималдығына өз бетінше анализ жасау және мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі оңтайлы әдістер туралы айтып берді. Сондай-ақ шет елге шықай-ақ халықаралық диплом алудың жолдары мен бір университететтен екіншісіне ауысу жолдары да түсіндірілді.

Мамандық таңдаудың жолдары, ата-ананың ықпалы және басқа да пайдалы ақпараттар айтылып, бітіруші түлектермен емен-жарқын сұхбат өрбіді

Жиынға бітіруші түлектер мен қатар, мектеп директорлары және ата-аналар қауымы қатысып, келген қонақтарға көкейтесті сұрақтарын қойды. Емен-жарқын пікір алмасып, өз ризашылықтарын жеткізді.

БӨЛІСУ