Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Отан», «Парасат», «Құрмет», І дәрежелі «Барыс» ордендерінің және Ресей Федерациясының «Достық» орденінің иегері, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының Құрметті азаматы Сапарбаев Бердібек Машбекұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы үстел теннисіне республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов ашып берді. Сондай ақ, ҚР Еңбек ері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қызылорда облысы үстел теннисі федерация президенті Ералиев Абзал Жұмашұлы және ел ағасы Нәлібаев Пазылбек Машбекұлы сөз сөйледі.

Жарысқа Түркістан, Қызылорда облысынан және Шымкент қаласынан 15 команда, 182 спортшы қатысуда. Жарыс жеңіспаздары 20 қазан күні анықталады.

БӨЛІСУ