Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 толуына орай «Жас мерген-2024» әскери қолданбалы спорт түрлері жарысы арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және үздік команданы анықтау мақсатында жарыстың аудандық кезеңі өткізілді.

Жарысқа аймақтық іріктеу кезеңінің жеңімпаз командалары қатысты. Жарыс алғы сөзін аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Ерекешов және мектеп директоры М.Жұматаев ашылуын бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушы оқушылар сайыс кезеңдері бойынша өз өнерлерін көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанған марапатталды.

Әскери қолданбалы спорт түрлері жарысы нәтижесі бойынша облыстық «Жас мерген-2024» әскери қолданбалы спорт түрлері жарысына төмендегі үздік көрсеткіштер көрсеткен оқушылардан құрама команда жинақталып жолдама алды.
1. №121 мектеп оқушысы Жайсанов Мұстафа Мұзарапұлы
2. №250 мектеп оқушысы Омаров Ерасыл
3. №279 мектеп оқушысы Айдар Мұхаммед Айдарұлы
4. №185 мектеп оқушысы Каналбеков Нұржан
5. №269 мектеп оқушысы Жубатканов Ансат Куанбекович
6. №269 мектеп оқушысы Орақұлы Диас

БӨЛІСУ