Бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов Жаңақорған ауданында 6-11 қазан күндері аралығында білім қызметкерлері арасында өткен облыстық дәстүрлі спартакиаданың жеңімпаздарын қабылдады.

Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табыстады. Сонымен қатар, команданың спортқа деген белсенділігі мен жігерлілігін атап өтіп, болашақ жарыстарда да сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды инфрақұрылымдық жобалар мен аудан спортшыларының жеткен жетістіктерін атап өтті.

Айта кетейік, аудан командасы дәстүрлі спорт додасында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынға ие болды. Оның ішінде жарыс нәтижелері бойынша волейбол (ұлдар) – ІІІ орын, үстел теннисі – І орын, асық ату – ІV орын, бес асық – ІІ орын, футбол – ІІІ орын, волейбол (қыздар) – V орын, тоғызқұмалақ – ІV орын алды.

БӨЛІСУ