Мақсатты мектептермен әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары.

Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 15-16 қазан күні «Мақсатты мектеп» жобасына енгізілген мектептер қатарындағы Тасарық елді мекенінде орналасқан № 238 орта мектепке, Шәкендегі №134 орта мектепте әдістемелік жұмыстар жүргізді. Алдымен сабақтарға қатысып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, әдістемелік кабинет меңгерушісі Л.Ізбасар «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2024 жыл 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес өзгерістермен таныстырып, «Ұстаз» платформасына енгізуге қойылатын талаптарды түсіндіріп өтті. Аудан деңгейіндегі мектеп рейтингісі мен мониторинг қорытындысына талдау жасады.

Әдістемелік кабинет әдіскері Ж.Бертай «PISA-2025» Халықаралық зерттеуіне дайындық жоспары, жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен құпиялық режимінен шыққан тапсырмалар түрлерімен таныстырып өтсе, әдіскер П.Марат қысқа мерзімді жоспардың құрылымын талқылау, «STEM», « STEAM» бағдарламаларына негізделген жұмыстарды ұйымдастыру , қысқа мерзімді жоспарына енгізу аясында түсіндірме жұмыстары жасады. Ал әдіскер Г.Шамшатова «PIRLS-2026» халықаралық зерттеу бойынша мәтін түрлері, ерекшеліктері, тапсырмалардың бағыттары және мәтінді оқытудағы функционалды құзыреттілігін дамытудың 5 қағидатына таныстырылым жасады.

Кездесу аяғында «Мақсатты мектепті дамыту» жобасы бойынша жоспары талқыланып, өзгертулер мен толықтыру жұмыстары жүргізілді.

БӨЛІСУ