Бүгін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жаңабаев Ғабит Жұмабекұлының аймақтағы азаматтық сектор өкілдерімен көшпелі кездесуі өтті.
Көшпелі кездесуде Ғабит Жұмабекұлы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымы мен аудандардағы филиалдарының атқаратын қызметтері және басқармаға қарасты орталықтардың жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, азаматтардың жұмыспен қамтылуы, көші-қон саласына қатысты шетелден келген қандастарды тіркеу және шетелдегі қандастардың инвистиция салып жұмыс жасауы бойынша мәліметтерімен бөлісіп, ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарын рәсімдеудің ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, басқарманың салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды.
Кездесу соңында үкіметтік емес ұйым өкілдері өздерінің сауалдарын қойып, пікір – ұсыныстарын білдірді.