2024 жылы емханада барлығы – 111615 дәрігерлік қабылдау жүргізілген. Оның ішінде 40,4%-ы ауруына байланысты, 59,6%-ы алдын ала тексеру бойынша келіп қаралған. Үйге барып қызмет көрсету саны 8 айда – 21124 құраған.

 Скринингтік тексерулерге 74,5 % тексерулермен қамтылған.
Жыл басынан берi Қазалы теміржол ауруханасына – 3993 науқас түскен. Төсек күн жоспарының орындалуы – 100,9%.

Ағымдағы жылы ауруханада жалпы 218 хирургиялық, 26 лапароскопиялық ота жасалған.

Жыл басынан берi 321 бала дүниеге келген.

 2023 жылы халыққа уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында JAC Sunray (N209G) маркалы жедел жәрдем автокөлігі, 2024 жылы Hyundai Santa Fe MX5 маркалы қызметтік автокөлігі алынды.

 Ағымдағы жылы аурухана ғимаратына
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
бар.

 Ауруханаға заманауи ЛОР комбайн, автоматты гематологиялық анализатор, өкпені жасанды желдету аппараты, бауыр фиброзының дәрежесін инвазивті анықтауға арналған аппараттар және сутегі асқын тотығының төмен температуралы плазмалық стерилизаторы алынды. Одан бөлек ЭЭГ, ВП және ЭМГ Нейрон-Спектр-4 (компп) зерттеу үшін көпфункционалды ком кешені, модульдік құрылғы объективті аудиологиялық скрининг және диагностика есту функциясы сериясы, медициналық рентген, флюорографиялық радиографиялық құрылғы, көп тілімді қанның стерильдігін және антибиотикке сезімталдылығын анықтау мақсатында жаңа бактериологиялық Scan-10 және D2 mini анализаторы алынды.

 2024 жылдың 15 мамырдан бастап облыстан ауруханада алғаш рет көзге «Катарактаға» ота жасалды. Осы уақытқа дейін жасалған ота саны – 91.

 Ангиография бөлмелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ангиографияның қызметін жүргізуге лицензия алынды.

БӨЛІСУ