Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Әлем, Азия чемпионаттарының жүлдегерлерін қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

Қабылдауда аудан басшысы Әлем, Азия додаларында жоғары нәтижеге қол жеткізген, ел мақтанышы болған аудан спортшыларына алғысын білдірді.

– Сіздер ауданымыздың спорттық айбынын Әлемдік ареналарда лайықты түрде қорғап, жоғары жетістіктермен қуантып келесіздер. Оразбаев Бауыржан екі рет Әлем чемпионы атанса, Реметов Абусейт Азия чемпионы атанып отыр. Қасымханова Назира мен Фазылов Радбек Азия чемпионатының жүлдегерлері, Абибуллаев Қуаныш пен Нұрсейіт Мадина Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлері. Сіздердің жеңістеріңіз – ауданымыз үшін ғана емес, еліміз үшін де үлкен жетістік. Әрине бұл жылдар бойы үздіксіз дайындықтың, бойларыңыздағы қайсар мінез бен жалынды жігерлеріңіздің, шыңдалған шеберліктің жемісі. Сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, аудан мерейін үстем етіп жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін және жастарды спортқа баулып жүрген жаттықтырушы Шыңғыс Азнабаевқа да шынайы ризашылығымды білдіремін. – деді аудан басшысы.

БӨЛІСУ