Облыстық оңалту орталығы 4 бөлімшеден тұрады. Орталықта жылу автономды шағын бу қазандығы арқылы беріледі. Ішкі су мен канализация жолдары жұмыс істейді. Бүгінгі күні оңалту орталығы 2020 жылдан бастап ҚР ДСМ саласындағы реформаларға байланысты, бұрынғы туберкулезге қарсы шипажайлары жабылып, бірнеше облыста оңалту орталықтары болып қайта құрылды.

 Қазіргі таңда кардиологиялық және кардиохириургиялық 15 төсек,неврологиялық және нейрохирургиялық 20 төсек, ортопедия және жарақаттан кейінгі оңалту 15 төсек, пульмонологиялық 10 төсек орын қызмет етеді. Осы таңда төсек қорын кеңейту мақсатында онкологиялық аурулардан кейінгі сауықтыру емін қолға алу жұмыстары жүргізіліп, лицензия алынуда.

 2022 жылдан бастап еліміздің барлық республикалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік порталына қосылып, еліміздің барлық аймағында және облыс бойынша бірнеше әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде есепте тұратын І-ІІ-ІІІ топтағы мүгедектігі бар науқастарды да сауықтыруға кіріскен. 2024 жылдың 8 айында 63 науқас емделіп, сауықтырылды.

 Санаторияда науқастардың дем алуына және емделуіне барлық мүмкіндіктер жасалған. Атап айтар болсақ, үгу, ингаляция, физиотерапиялық емдеу, емдік физкультура бөлмелері, фитобочка (емдік шөппен емдеу), тұзды шахта, массаж арқылы емдеу қызметтерi бар. Сондай-ақ, 80 науқас бір мезгілде тамақ ішетін асхана қызмет жасап онда бес уақыт түрлі ас беріледі.

Орталықта науқастар бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жасанды көгалмен көмкерілген спорт алаңы және шахмат, дойбы, нарда, бильярд, теннис столдары бар. Шағын кітапхана жинақталған, күнделікті БАҚ жаңалықтары үнемі жазылып алынады.

Шипажай ауласына мәуелі, саялы, декоративті ағаштар егіліп, гүлзарлар орналастырылған.

Облыстық оңалту орталығы әкімшілігі ҚР ДСМ-де МӘМС саласының іске қосылуына және денсаулық сақтау саласындағы реформаларға байланысты 2020 жылдан бастап жалпы медициналық оңалтуды қолға алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, мекеме лицензиясына, оның қосымшаларына өзгертулер енгізілiп, неврология, нейрохирургия, кардиология, ортопедия және травматология сияқты салаларға бейімделу мақсатында әр жылы жылы үнемделген қаржыдан құрал-жабдықтармен қамтылып, емдік физкультура бөлмелері қайта жасақтандырылды.

 “Жаңақорған санаториясы” АҚ келісіп Жаңақорғандағы “Терескен” көлінің емдік балшығын пайдалану қолға алынған.

Кадр құрамы да қайта жасақталып, білімдерін жетілдірді.

Оңалту орталығына қосымша қаржы көзін тарту мақсатында Жаңақорған ауданы аумағында орналасқан “Казатомпром” және “Таукен Самрұқ ” АҚ еншілес уран байыту, кен қазба жұмыстарымен айналысып жатқан бірнеше компания өкілдерімен келіссөз жүргізіліп, осы аталған салада қызмет етіп жүрген қызметкерлерді сауықтыру үшін жолдама бөлу мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде. Осындай келіссөздер арқасында еліміздегі медициналық -құрал жабдықтар өндіруші “DAMU-MEDICAL” ЖШС демеушілігімен тұзды шахта бөлмесі ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, науқастарға қызмет етуде.

 Ағымдағы жылы оңалту орталығына 1 санитарлық автокөлік берiлді.
Қазіргі таңда оңалту орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, палаталардың есік-терезесін және төсеніштерін ауыстыру үшін сметалық-құжаттары демеушілік есебінен дайындалуда. Шалқия кентіне газ жүйесі көгілдір отынның келуіне байланысты ғимаратты газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

БӨЛІСУ