Бүгін аудандық Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде көрермендер белгілі қаламгер-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың әйгілі «Ең әдемі келіншек» драмасын тамашалады.

Қызылорда қаласындағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен өткен бұл қойылым, отбасы құндылықтарын дәріптеп, көрермендердің жүрегіне жол тапты.

Қойылым қазіргі қоғамда жиі орын алатын жанұялық жанжалдар мен отбасылық мәселелерге арналған.
Қойылымның негізгі идеясы – отбасылық татулық пен түсіністіктің, кешірім мен шыдамдылықтың адам өміріндегі маңызды орын алатынын ұғындыру болды.

Спектакльдің көркемдік деңгейі жоғары болып, актерлердің шеберлігі көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Мәдени шара отбасы құндылықтарын дәріптеуге зор үлес қосып, көрермендерді ойландырып, терең толғанысқа жетеледі.

Айта кетейік, театрлық қойылым аудан әкімшілігінің қолдауымен көрермендерге тегін ұсынылды.

БӨЛІСУ