«Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаев, «AMANAT» партиясынан сайланған депутат Ж. Нұрымбетов, «Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Н.Сопбеков жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болып, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мамандарымен бірге №163 орта мектепті күрделі жөндеу, кентте салынып жатқан Руханият орталығы, Оқушылар сарайы мен Төменарық ауылында салынып жатқан 15 төсектік ауруханасы бар амбулатория құрылыстарымен танысты.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан мәслихат депутаттары құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті. Сондай-ақ, құрылыс материалдарының сапалы болуын, құрылыстың уақытылы аяқталуы мен өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта облыстық мәслихаттың назарында болады.
2024-10-16