Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Сүлейменов пен бас маманы З.Арынова фокус-топтардың қатысушыларымен кездесті. Мамандар қызметкерлерге мониторинг жүргізудің алгоритмін түсіндіріп, өзара пікір алмасты.

Н.Сүлейменов пен З.Арынова фокус-топтардың мүшелеріне «Статистикалық есептерді ұсыну кезіндегі бюрократия мен әуре-сарсаңның белгілері», «Мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау: бюрократия мен әуре-сарсаңның белгілерін анықтау және азайту» және «Қаржылық қолдау» бағыттары бойынша атқарылатын маңызды жұмыстарға тоқталып, жауапты мониторинг жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

Фокус-топтардың мүшелері мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында бірнеше өзекті мәселелерді көтеріп, аталған мәселелерді әрі қарай жетілдіріп, зерделеу мақсатында алдағы уақытта Департаментке ой-пікірлерін ұсынатындығын жеткізді.

Жиын соңы фокус-топтар қатысушыларының ұсыныс, пікірлерін талқылаумен аяқталып, тиісті мамандарымыз атаулы сұрақтарға жауап берді.

БӨЛІСУ