Ағымдағы жылдың 14-15 қазан күндері дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша аудан тұрғындары арасында кездесулер өткізілді. Кездесулер республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен ауданында түрлі контингенттерді қамти отырып өткізілді.
Атап өтер болсақ, ауданға қарасты Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Нағи Ілиясов, Іңкәрдария, Ақжарма ауылдық округтерінің тұрғындарымен, кездесулер өткізілді.
Кездесулерде Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары, қазақы салт-дәстүрмен шариғат талаптарының үндесуі туралы әңгіме қозғап, отбасы құндылығы, ата-ананың балаға берер тәрбиесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

БӨЛІСУ