«Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің студенттерімен кездесу өтті.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты нығайтуда бәсекеге қабілетті өз ісінің мамандарын даярлау – бүгінгі күннің талабы.
Осы ретте, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің бас ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің студенттерімен бас қосу өткізіліп, Департамент пен Университет арасындағы меморандумды жүзеге асыру бағытындағы атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Кездесу барысында Департамент басшысы Ерлеген Жәрдемұлы мемлекеттік қызметке іріктеу бағытында енген жаңалықтар, заңнамаларға енген өзгерістер туралы ақпараттарымен бөлісті.
Жалпы мектептің мақсаты мемлекеттік қызметке жастарды көбірек тарту. Студенттер мемлекеттік қызмет мектебінде іс-тәжірибеден өтеді және студенттерге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында дәріс беру жұмыстары жүргізіледі.
Нәтижесінде, мектепті табысты аяқтаған түлектерге сертификат табысталып, машықтанған мамандарды мемлекеттік қызметшілер қатарына қосу үшін жұмыстар жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ