«Абзал» бастауыш партия ұйымы мүшелері референдум қорытындысын талқылады.
Бүгін партияның қалалық филиалына қарасты «Абзал» бастауыш партия ұйымында референдум қорытындысын талқыланды. Шараға Халықтық штаб мүшесі Фарида Қалиева қатысты.
Кездесуде сөз алған Фарида Қалиева референдумды тарихи оқиға деп атады.
«6 қазан күні елімізде үлкен саяси науқан өтті. Мұны тарихи оқиға деуге болады. Сырбойылықтар ертемен тұрып, өз еріктерімен сайлау учаскелеріне барып өз таңдауларын жасады. Халықтың көңіл күйі жақсы болды, ауа райы да халыққа жақсы көңіл күй беріп тұрды. Әрине дауыс беру әр әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Себебі бұл еліміздің болашағы», – дейді ол.
Жиында сондай-ақ Фарида Ыдырысқызы АЭС-тің маңызыдылығын түсіндіруде Халықтық штаб өкілдерімен қала көлемінде 40-тан аса кездесу ұйымдастырылғанын онда еңбек ұжымдары, түрлі сала өкілдері қамтылғандығын атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі АЭС маңыздылығын халыққа жеткізуде барлық қала, аудандарда Халықтық штабтар құрылды. Олардың құрамына түрлі партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері кірді. Бұл елдік, ортақ іске еліміздегі қоғамдық ұйымдардың бір екендігін дәлелдейі. Игілікті іске халқымыз да өздерінің саяси сауаттылығын дәлелдеді. Соның ішінде Қызылорда облысы халқының 82,48 пайызы референдумға қатысып, республика бойынша көш бастады»,- деді Фарида Қалиева.
Өз кезегінде сөз алған ұйым мүшелері де АЭС салу туралы шешім қазақстандықтардың ортақ күш-жігерінің арқасында қабылданғанын атап өтті.
Ескел сала кетейік, Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша дауыс берген қазақстандықтардың 71,12 пайызы АЭС-ті қолдаған.