Айдынды өлкедегі білім беру нысандарының жай-күйін бақылауға барған Облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, І.Тілеп және М.Жұмашев аудан орталығында орналасқан бірнеше мектепке аялдады. Халық қалаулылары алдымен №83 орта мектебіне барып, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары барысында депутаттар сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерді назарға алды.

Артынша мәслихат депутаттары 100 жылға таяу тарихы аудандағы іргелі білім ордасы Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебіне бас сұғып, ғимаратқа мониторинг жұмыстарын жүргізді. Жас ұрапақтың сапалы білім алуы үшін қажетті жағдай жасалуы қажет. Сондықтан, мониторинг барысында айтылған ұсыныстар ескеріліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Депутаттар тағы бір тарихи ғимаратқа тоқтады. Бұл жол халық қалаулылары 1910 жылы салынған аудандағы жалғыз қазақ және орыс тілінде оқытылатын №14 мектеп-лицейінің бастауыш бөлігіне барды. Облыстық мәслихат депутаттары аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорының пікірлерін тыңдап, ұсыныстарын назарға алды.
Мәслихат депутаттарының мониоринг жұмыстары одан әрі №260 орта мектебінде жалғасты. Білім алушыларға сапалы жағдай жасау бәрінен маңызды. Өйткені ел болашағы білім ұрпақтың қолында. Кездесу барысында депутаттарға ұжым қызметкерлері тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылып, депутаттар ұсыныстарды назарға алды.
Одан соң депутаттар аудан орталығында орналасқан №220 орта мектебіне барды. Депутаттар бұл жолы да білім ошағында атқарылу керек жұмыстарды бақылап, ұсыныстарды назарға алды.

БӨЛІСУ