Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында мәслихаттар мемлекеттік биліктің маңызды тармағы екенін ерекше атап өтті.
Сонда мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институт екенін тілге тиек етіп, оның тиімділігі депутаттардың кәсібилігіне тікелей байланысты екендігін жеткізді. Сонымен қатар, мықты депутаттар корпусын жасақтауға, оларды ұсынған партиялар мүдделі болуы керектігін айтты. Мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін ерекше назар аударып, бұл жұмыстарда Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын жеткізді.
Бүгін осы мақсатта партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы алаңында өткен «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинарға қатысып, мәслихат депутаттарымен партия қызметін жүргізудегі мәслихат депутаттарының рөлі мен маңызы төңірегінде ой пікірлерімен бөлісті.