Қазақстанда акушерлікте диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу ағза сақтаушы операциялардың санын 20%- ға ұлғайтуға мүмкіндік берді, нәтижесінде 2000 әйелдің бала туу ағзасы сақталды.
«Акушерлікте диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу жалғасуда, босанғаннан кейінгі қан кетулермен күресудің жаңа тәсілі іске асырылуда.
Сондай-ақ, «Феталдық медицина» жобасын іске асыру шеңберінде республикада алғаш рет ұрықтың патологиясы диагнозы қойылған жүкті әйелдерге ұрыққа жатырішілік операциялар жүргізілді.
Дәрігерлер 11 жатырішілік операция жасады, 9 ұрықтың өмірі сақталды», – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.
Неонаталдық хирургия мен осы технологиялардың трансферті дамыған сайын туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86%-ға жетті.
Орташа алғанда, ел бойынша жыл сайын туа біткен ақаулары бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады. Жаңа туған нәрестелердегі ең төмен инвазивті эндо-бейне хирургиясының үлесі 40% – ға дейін өсті.
Жетістіктердің бірі – 10 перинаталдық орталық негізінде неонаталдық хирургия бөлімшелерінің ашылуы, бұл өмір сүрудің ең жоғары мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Демографиялық жағдайды жақсарту үшін 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Аңсаған сәби»бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 8 мыңға жуық көптен күткен бала дүниеге келді, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.
«Әйелдердің денсаулығын нығайту және профилактикалық тексерулермен, прегравидалық даярлықпен және контрацепциямен қамтуды арттыру үшін «Аналар саулығы»бағдарламасы іске асырылуда. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет жүктілікке прегравидарлық дайындық жүргізу бойынша клиникалық хаттама бекітілді, онда халықаралық ұсынымдар ескерілді», – деп атап өтті ҚР ДСМ департаментінің басшысы.
Жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерге еліміздің 240 перзентханасында медициналық көмек көрсетіледі, 9 мыңнан астам төсек орналастырылған, оның 43%-ы әйелдерді ауылдық деңгейде қабылдайды.