Еліміздің болашағы – дені сау азаматтардың қолында. Салауатты өмір салтын ұстану – денсаулықтың кепілі. «Дене тәрбиесі» бөлімінің оқытушылары мен колледж медбикелері Г.Айжанова, А.Алпыс ұйымдастыруымен «Дене тәрбиесі» бөлімі және «Физика-математика» бөлімінің студенттері арасында «Салауатты өмір-жарқын болашақ» спорттық эстафеталық сайысы өтті.

Спорттық сайыс мақсаты – денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау; Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Өте тартысты өткен жарыс 6 кезеңнен – кедергілермен хоккей таяқшасы арқылы допты алып жүру; баскетбол добын кедергілер арасымен айнала өтіп, себетке түсіру; нығыздалған допты алып жүру, кеудені жерден 10 рет алу; ұзындыққа секіру; аяқ таяқшаларымен жүру кезеңдерінен тұрды. Ақтық сын – шешуде кезеңде арқан тартысты.
Денсаулық – өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет, оны ысырап етпеуі керек. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

БӨЛІСУ